Кабинеттер

Колледждің материалдық-техникалық базасы орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Барлық кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісін жүзеге асыру үшін заманауи жабдықтармен және техникалық оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар бар. Барлық компьютерлік кабинеттерде, әрбір жұмыс орнында интернет желісі бар, сонымен қатар колледждің әкімшілік қызметкерлерінің жұмыс орындары да интернет желісіне қосылған.