Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!
Бұл бөлім тек сізге арналған! Ұсынылған ақпарат сіз үшін қызықты және пайдалы болады деп үміттенеміз.
Мақсаттарымыз бір – соларға жету үшін бірігейік!

Назарларыңызды соған аударамыз

Мамандықты меңгеру тек колледж басшылығы мен оқытушыларына ғана емес, әсіресе студенттер мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) үлкен жауапкершілік жүктейді;
Студенттермен өткізілетін сабақтардың көлемі және колледждегі оларға түсетін жүктеме оқытудың кәсіби мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді;
Колледж студенттері тек негізгі пәндер бойынша ғана емес, сонымен қатар барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша толық білім алады;колледж студенттерінің сабаққа қатысуы міндетті, колледж әкімшілігі сабаққа қатысуды қатаң қадағалайды;
Колледж студенттерінің білімін бақылау міндетті аралық аттестаттау негізінде жүзеге асырылады;
Колледжде оқу кезінде студенттер практикалық жұмыстарды орындайды;
Студенттерге академиялық және әлеуметтік стипендия төленеді;
Колледжді бітіргеннен кейін студенттер орта кәсіптік білім туралы мемлекеттік диплом алады;
Колледж түлектері оқуды аяқтағаннан кейін тиісті немесе басқа бейіндегі жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.